Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13 бұйрығы
(2023.12.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілеп отырған Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. «Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 741 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12592 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | С. Жумангарин |
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023.27.07. № 11 бұйрығымен әдістеме жаңа редакцияда (2023 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ 13 бұйрығымен
бекітілген
Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі
әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер